ШЫМКЕНТ: Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер талқыланды

ШЫМКЕНТ: Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер талқыланды

26 просмотров

ШЫМКЕНТ: Инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтіп, өзекті мәселелер талқыланды

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Онда 8 жоба таныстырылып, өзекті мәселелері талқыланды.

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан тағы бір аяқ киім шығаратын жаңа кәсіпорын ашылмақ. Ол үшін өндірістік аймақтан 1 гектар жер берілетін болып шешілді. Қала әкімі жобамен танысып, инфрақұрылым мен экономикалық аймақтың жеңілдіктерін ұйымдастыру тұрғысында мемлекеттік қолдау көрсетілетінін айтты.
Тағы бір жоба — кеңселік және типографиялық қағаз шығаруға бағытталған. Құны – 621 млн теңге болатын кәсіпорын іске қосылған кезде өнімін ішкі нарыққа және ТМД елдеріне шығарады. Мекемеге «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағынан 1,96 гектар жер берілген. Бүгінде барлық қажетті құрал-жабдықтар сатып алынған. Кәсіпкер жер және инфрақұрылыммен толық қамтамасыз ету жөнінде көмек сұрады. Жобаға қолдау көрсетілетін болады.
Одан өзге, маңызды жобаның бірі – өндірістік аумақ құру туралы болды. «ADS Industries» ЖШС түрлі кәсіпке арналған дүңгіршек салуды жоспарлап отыр. Кәсіпкер оған 1 гектар жер сұрап отыр. Шаһар басшысы қала ішінен жер тауып беріп, барлық қолдауды көрсететін болып шешім қабылданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.