ШЫМКЕНТ: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде

ШЫМКЕНТ: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде

31 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде

Шымкент қаласында «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында жастарды жұмыспен қамту іс-шаралары белсенді жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде еңбек тәжірибесі жоқ жастарды қолдау мақсатында «Алғашқы жұмыс орны» жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Бағдарламаға қатысушылардың бірі – Мерей Атымтай. Ол биыл «Шымкент жоғары медициналық» колледжін «Дантист-стоматолог» мамандығы бойынша тәмамдаған болатын.
– Оқу орнын бітірген соң бірден жұмыс табыла қоймады. Барлық жерде жұмыс тәжірибесін талап етеді. Бірақ менде оларға қажет тәжірибе болған жоқ. Дипломды енді алған кезім ғой. Кейінен жастарға арналған жаңа жоба бар екенін естіп, қалалық жұмыспен қамту орталығына барып, кеңес алдым. Онда маған бағдарламаның шарттары мен тиімділігін түсіндіріп, өз мамандығым бойынша қаладағы «Улыбка» стоматологиясына жолдады, – дейді 19 жасар қала тұрғыны.

Жалпы аталған жобаға 29 жасқа дейінгі мүлдем жұмыс өтілімі жоқ жұмыссыз жастар, оның ішінде NEET санатындағы жастар қатыса алады. Сонымен қатар, алғашқы жұмыс орнына орналасуға көп балалы немесе аз қамтылған отбасы мүшелеріне, еңбекке қабілетті мүгедектер мен техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне басымдық беріледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.