ШЫМКЕНТ: 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледі

ШЫМКЕНТ: 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледі

23 просмотров

 

ШЫМКЕНТ: 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледіШымкентте жол құрылысы қыз-қыз қайнап жатыр. мамандар санитарлық талаптарды сақтауды да ұмыт қалдырған емес.  Жыл соңына дейін 248,8 шақырым жол пайдалануға беріледі. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары М.Исахов  Әл-Фараби атындағы ғылыми-әмбебап кітапханасында  қаланың стратегиялық дамуы аясында атқарылып жатқан жұмыстары бойынша өткен баспасөз-брифингінде мәлімдеді.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, шаһарда биыл 168 нысанда — 295,3 шақырым жол құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде жыл соңына дейін 155 нысан — 248,8 шақырым пайдалануға беріледі деп күтілуде.

— Жол жөндеуде ішкі орам және шалғайдағы елді мекендердегі көшелерге басымдық берілген. 168 нысанның жетісі ғана ірі магистраль жол, қалғаны қала іргесіндегі көшелер. Бұл көшелердің көбіне бірінші рет асфальт төселіп жатыр. Ал ең үлкен құрылыс нысандарымыздан Рысқұлов-Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысын қазан айында тапсыруды жоспарлап отырмыз, — деді М. Исахов.

Еркін форматта өткен баспасөз жиынында Мақсұт Пернебайұлы өзі жетекшілік ететін орта сапасы және бақылау басқармасы, дене шынықтыру және спорт басқармасы, еңбек инспекциясы басқармасы, туризм және сыртқы байланыстар басқармасы және цифрландыру басқармасының басшыларымен бірге салада атқарылып жақтан жұмыстарды баяндады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.