ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланған

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланған

9 просмотров

ШЫМКЕНТ: Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланған
Шымкентте қала әкімінің жастарды спортқа баулу жөніндегі тапсырмасына сәйкес бірқатар жоба қолға алынған.

Атап айтқанда, Еңбекші ауданы аумағында биыл 15 спорт алаңшасын салу жоспарланып отыр. Бүгінге дейін 1 спорт алаңы құрылып, тұрғындар игіліне тапсырылды.

Ал 14 спорт алаңшасын құру жұмысы қарқын алып, жыл соңына дейін пайдалануға берілмек.

Тұрғындарын бұқаралық спортпен қамтуды қолға алған Еңбекші ауданы әкімдігі тарапынан құрылыс жұмыстар бақылауға алынып, сапасы мен уақытылы пайдалануға берілуін қадағалап отыр.

Шымкентте аулаларды абаттандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде, соның ішінде орамішілік ауалалар жөнделіп, балалар алаңдары қайта жасақталады.

Қала әкімінің қала аумағындағы инфрақұрылым жүйелерін дамыту жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Қаратау ауданында аулаларды абаттандыру жұмысы қарқын алған.

Атап айтқанда, Асар шағынауданында №14, 16, 18, 20, 22, 24 көпқабатты үйдің ауласын абаттандыру жұмыстары атқарылып отыр. Құрылысты жүргізетін «Пример Строй» мердігер мекемесі.

Бұл жұмыстар аудан әкімі аппаратының мамандары тарапынан күнделікті бақылауға алынған. Сонымен қатар, аудандағы ойын алаңшасын қайта жасақтау жұмысы жалғасын әрмен қарай жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *