ШЫМКЕНТ: 34 мың балаға әлеуметтік азық-түлік себеті берілді

ШЫМКЕНТ: 34 мың балаға әлеуметтік азық-түлік себеті берілді

20 просмотров

ШЫМКЕНТ: 34 мың балаға әлеуметтік азық-түлік себеті берілді

Шымкентте жыл басынан 131 мыңға жуық кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылған. Атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылған отбасындағы балаларға азық-түлік түрі тағайындауда жас ерекшелігіне сай үлестіріледі.

Қаладағы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының мәліметінше, берілетін азық-түлік себетінде сүт, жүгері, сұлы жармасы мен балалар ботқасы, тәтті күлше түрлері мен өзге де тағам өнімдері және тұрмыстық қажеттілік заттар салынады. Мұндай себеттер отбасындағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға беріледі.

Бүгінде шаһарда 34 мыңнан астам балаға қажетті азық-түлік тұрақты түрде беріліп отыр. Әлеуметтік пакеттер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады. Сауда үйі кепілдендірілген әлеуметтік пакетті тек қана @aspgramadbot телеграм боты арқылы хабарлайды.

Бот арқылы азық-түлік беру бекеттерінің мекенжайларын және күні мен уақытын білуге болады. Ол үшін баланың ЖСН нөмірін енгізу қажет.

Айта кетсек, Азық-түлік сапасына арыз-шағым түскен жағдайда сауда үйлері затты ауыстыруға кепілдік береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.