ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

43 просмотров

ШЫМКЕНТ: «БАҚЫТТЫ ОТБАСЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША НЕСИЕЛІК ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдер 11 наурыздан, яғни бүгіннен бастап қабылдана бастайды. Бұл туралы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі Шымкент қаласы филиалы хабарлады.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша несиелік өтінімдерді қабылдауды бүгіннен бастаймыз. Биыл аталған бағдарламаны жүзеге асыру үшін бюджет тарапынан бөлінетін лимит мөлшері екі есеге ұлғайтылды. Ол 100 млрд теңгені құрайды. Яғни, қолжетімді заемдар осы жылы шамамен 10 000 отбасыға беріледі.
Жергілікті әкімдіктен отбасының мәртебесін (көпбалалы, толық емес, мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасы) растайтын жолдаманы алған соң Банкке құжаттар тапсыру үшін келіп, заем алуға өтінім беру керектігін естеріңізге саламыз.

Заем мөлшерлемесі бұрынғысынша жылдық 2%-ды құрайды, бастапқы жарна — 10%. Биылғы жылы енгізілген басты өзгеріс – ең жоғары табыс көлемі. Енді ол күнкөріс минимумының мөлшеріне сәйкес есептелінетін болады. Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын екі күнкөріс мимнимумынан, яғни, 62 366 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады.

Өткен жылы Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі 4 862 қазақстандық отбасының тұрғын үй мәселесін шешуге септігін тигізді. Бұған қоса, тағы 261 отбасы несиелері бойынша мақұлдау алып, болашақ баспанасын іздестіріп жатыр. Осылайша, банк табысы төмен отбасыларға қолжетімді несиелер беру мақсатында 2019 жылға бөлінген 50 млрд теңге қаражатты игерді.

«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша пәтерді жаңа және қолданыстағы үйлерден алуға болады. Сондай-ақ, жер үй сатып алу мүмкіндігі де бар. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Атырау қалаларындағы ең жоғары займ сомасы 15 млн теңгені құрайды, қалған аймақтарда ол 10 млн теңгеге тең.

«Бақытты отбасы» табысы төмен отбасыларға тұрғын үй сатып алуға арналған несиелендіру бағдарламасына: үй кезегінде тұрған,
-көпбалалы отбасы;
-толық емес отбасы;
-мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасылар ғана қатыса алады.
«Бақытты отбасы» бағдарламасына қатысу үшін баспанаға мұқтаж отбасы ретінде әкімдікте кезекте тұруыңыз шарт.
Бұдан бөлек, өз атыңызда және бірге тұратын отбасы мүшелерінің атында баспана болмауы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *