ШЫМКЕНТ: «Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

ШЫМКЕНТ: «Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады

12 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Бозарық» қосалқы станциясы шілде айында іске қосылады
Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Маулен Айманбетов БАҚ өкілдеріне берген брифингінде мәлімдеді.
— «Бозарық» қосалқы станциясының құрылысы 2016-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Жобанның жалпы құны -7,9 млрд теңгені құрайды. Бүгінде мұндағы жұмыстар толығымен аяқталды. Шілде айында «Бозарық» қосалқы станциясын іске қосамыз, — деді қала әкімінің орынбасары.
Электр тарату станциясы пайдалануға берілсе, 10 елді мекендегі 250 мыңға жуық халық сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілетін болады.
Жалпы Шымкентте электр жарығымен қамтамасыз ету бойынша өткен жылы 13 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып 23,5 мың адам сапалы электр қуатымен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 93%-дан, 95%-ға өсті.
Ал 2021 жылы қала халқын электрмен қамту бойынша 3 қосалқы станса, 1 ағымдағы жөндеу, 16 елді мекенде ішкі жүйелер құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жыл қорытындысымен 3 қосалқы стансаның, 1 ағымдағы жөндеу және 7 елді мекенде құрылыс жұмыстары аяқталып, 21,3 мыңға жуық адам сапалы электр қуатымен қамтылатын болады. Нәтижесінде, қамтылу көрсеткіші 97 пайызға жетеді.
Сондай-ақ, қала тұрғындарын сапалы газбен қамту үшін 2020 жылы 9 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жыл қорытындысымен 2 нысанның құрылысы аяқталды. Нәтижесінде қамту көрсеткіші 92,1-ден 92,2 % жетті.
2021 жылы 18 нысанның құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жыл қорытындысымен 1 газ станция, 2 магистралды 5 елді мекенде 11 мыңнан астам адам табиғи газбен қамтылады.
Нәтижесінде қамтылу көрсеткішін 92,2%-дан, 93%-ға дейін көтеру жоспарда.
Ауыз су бойынша, 2020 жылы 19 нысанның (17 елді мекенде) және 2 магистралды суаққының құрылысы аяқталып, 34 мыңға жуық адам (12 500 абонент) сапалы ауыз сумен қамтылды. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 94,7%-дан, 95,6%-ға өсті.
Ал 2021 жылы 14 нысанның (о.і. 3 магистралды суаққы, 11 ішкі орамдық жүйенің) құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Жыл қорытындысымен, 2021 жылы тасымалды 7 елді мекен және кестемен 2 елді мекеннің құрылысы аяқталып, 25,6 мың адам ауыз сумен қамтылады. Нәтижесінде қамтылу көрсеткіші 95,6%-дан, 98%-ға өседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *