ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

15 просмотров

Бүгін ақпараттық коммуникациялық орталығында ҚР Еңбек кодексіне енгізілген өзгерістер және ағымдағы жағдай туралы брифинг өтті. –Экономикалық қатынастар бір орында тұрмайтынын, үнемі даму жолында болатынын баршамыз білеміз. Біздің елімізде де қоғамның дамуына және күнделікті қажеттіліктерге байланысты еңбек заңнамасын одан ары жетілдіру мақсатында 2020 жылы 2 рет өзгерістер енгізілді,- дейді Шымкент қалалық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бауыржан Қалжанов. Б. Қалжановтың айтуынша, 2020 жылғы 19 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына өзгерістер енгізілгенге дейін кейбір кәсіпорындарға аутстаффингтік қызметтер көрсететін компаниялардың жолданатын жұмысшыларының құқықтары жан-жақты қамтамасыз етілмеген болатын. Сондықтан Азаматтық, Еңбек және Кәсіпкерлік кодекстерге және «Халықты жұмыспен қамту туралы», «Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы» заңдарға актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша механизмдері енгізілген. Басқарма басшысының сөзінен ұққанымыз, өтелмелі қызмет көрсету шартының жаңа түрі — персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт енгізілді. Жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбекақы төлеуде, тұрмыстық-өндірістік жағдайлармен қамтамасыз ету кезінде кемсітуге тыйым салынды. Яғни, шетелден келген жұмысшы 1000 $, жергілікті жұмысшы 500$ алуына, жалақы алу кезіндегі әділетсіздіктерге жол берілмейді. Шымкент қаласындағы еңбек қатынастарының жағдайы туралы Б. Қалжанов былай баяндады. –Жыл басынан бері құжатайналым 2298 бірлікті құрады. Жеке және заңды тұлғалардан 369 өтініш түсті. Өтініштерді қарау барысында 59 тексеру жүргізіліп, 64 заң бұзушылық анықталды. Анықталған бұзушылықтардың негізінде 37 нұсқама беріліп, еңбек заңнамасының бұзылуы бойынша 3,9 млн.теңгеге айыппұл салынды. Еңбек қатынастары саласында тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қала кәсіпорындарында талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі 16 кәсіпорын мен ұйымдарда 124,5 млн.теңгені құрайтын, 1 559 жұмыскердің еңбек құқықтарының тәуекелдері анықталды. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 108,7 млн.теңгені құрайтын тәуекелдер шешілді, — деді. Бұдан бөлек, қазіргі таңда 5 кәсіпорында 90 жұмыскерге 15 млн. теңге жалақы қарыз қордаланып отыр. Жыл басынан бері 26 кәсіпорындағы 1 428 жұмыскердің 122,8 млн. теңге көлемінде жалақы қарыздары төленген. Соңғы кездерде, орталық атқарушы органдар тарапынан әлеуметтік әріптестік комиссияларының жұмыстарының белсендігін арттыру талап етілуде. Жыл басынан комиссияның 4 отырысы өтіп, жұмыс жоспары бекітілген. Сонымен қатар, басқарма басшысы қала тұрғындарын, «Еңбек жолы» конкурсына қатысуға шақырды. Конкурспен «Үздік жас жұмысшы», «Үздік еңбек династиясы», «Жас қызметкерлердің үздік тәлімгері» номинациялары қарастырылған. Конкурсқа ниет білдірген үміткерлердің өтінімдері 10 тамызға дейін зерделеніп, комиссия шешімі мен үміткерлердің өтінімдері Министрлікке жолданып, қазан айында келген қорытындыға сәйкес жеңімпаздарды марапаттау жүзеге асады. Жеңімпаздарға диплом және қаржылай марапат қарастырылған.

ШЫМКЕНТ: ЕҢБЕК КОДЕКСІНЕ ЕНГІЗІЛГЕН ӨЗГЕРІСТЕР ТҮСІНДІРІЛДІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *