ШЫМКЕНТ: Экономика және кәсіпкерлікті дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы азаматтарды қабылдады

ШЫМКЕНТ: Экономика және кәсіпкерлікті дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы азаматтарды қабылдады

19 просмотров

ШЫМКЕНТ: Экономика және кәсіпкерлікті дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы азаматтарды қабылдады

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы экономика және кәсіпкерлікті дамыту қоғамдық кеңесінің төрағасы Абдукаримов Мақсат Серікұлы онлайн режимінде азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
Азаматтардың барлық мәселелері тыңдалып, тиісті өтініштер ескеріліп, шешімдер қабылданды. Мәселен:
1️⃣Сейдуалиев А. М.
Жарнама туралы заң өзгергеніне байланысты 30 — ға жуық компанияларға 500 — ге жуық адамдарды жұмыспен қамтып жұрген кәсіпкерге іс-қағаздарды заңдастыру туралы сұрақтарына тиісті жауап алды.

2️⃣Шәмші Г. Б.
Үйде отырған ана Шәмші Г.Б. өз кәсібін бастауға қажетті бағдарламалар туралы мәлімет алды.

3️⃣Сүгірбекова Э.
Жекеменшік жеріне 50 адамды жұмыспен қамти алатын 10 бутик салу үшін қандай әрекет жасау керектігі жайында мәлімет алды.

4️⃣Абдулменов М. М.
2 – жылдан бері жобасын іске асыра алмай жүрегеніне наразылығын білдіріп, қажетті мәлімет алды.

5️⃣Ешанқұл Е.
Бәйдібек би даңғылы бойында жеміс-жидек сатуына рұқсат қалай алу керектігінен мәлімет алды.

Жеке қабылдауға жазылған азаматтардың мәселелері толық тыңдалды, сұрақтарына заң аясында түсінік берілді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.