ШЫМКЕНТ: Кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды

ШЫМКЕНТ: Кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды

10 просмотров

ШЫМКЕНТ: Кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды

Шымкент қаласы бойынша аз қамтылған отбасыға биыл 1 шілдеге дейін 174 569 кепілдендірілген әлеуметтік пакет таратылды. Оның ішінде, 1 ден 3 жасқа дейінгі балаларға 58 515, ал 3 тен 6 жасқа дейінгі балаларға 81 138 кепілдендірілген әлеуметтік топтама үлестірілді. Кепілдендірілген әлеуметтік пакетте 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік тауарлары мен тұрмыстық химия тауарлары қарастырылған.

Айта кету керек, азық-түлік өнімдерін темір мен басқа да дәрумендердің, минералдардың жетіспеушілігін ескере отырып, кепілдендірілген әлеуметтік топтамалар денсаулық сақтау министрлігінің негізінде қалыптастырылды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы келісім шартқа отырған «Gramad» сауда үйі арқылы бекітілген азық-түліктің тізімі бойынша таратады. Азық-түлік тауарларының ішінде түрлі жарма, пюре, сүт және т.б. басқа заттар бар. Бұл жиынтықты балалар ай сайын алады. Ал тұрмыстық химия тауарларына жататын тіс пастасы, щетка, кір жуатын ұнтақ, сабын сияқты заттар тоқсанына бір рет ұсынылады.

Шымкентте кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер «Gramad» сауда үйінің дүкендер желісінде күнделікті және демалыссыз сағат 9:00-ден кешкі сағат 18:00-ге дейін таратылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.