ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттарының фракция отырысы өтті

ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттарының фракция отырысы өтті

23 просмотров

ШЫМКЕНТ: «Nur Otan» партиясы қалалық мәслихат депутаттарының фракция отырысы өтті
Жиынға партияның қалалық филиал төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева, фракция жетекшісі Бекайдар Мұсаұлы Тулегенов, қала әкімінің орынбасарлары мен басқарма басшылары қатысты.

Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Елдіктің жеті тұғыры» атты қағидаттар жиынтығын талқылау;
2. Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»: атты «Nur Otan» партиясы Сайлауалды бағдарламасын Шымкент қаласында жүзеге асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалу барысы және орындалмай қалу қаупі бар іс-шаралар байынша тиісті басқарма басшыларының жұмысы туралы;
3. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің Шымкент қаласында болған іссапары бойынша берілген хаттамалық тапсырмасына сәйкес, партия фракциясы 2022-2024 жылдарға арналған жергілікті бюджеттің жобасын қарау кезінде партияның сайлауалды міндеттемелерін бірінші кезекте қаржыландыруды қамтамасыз ету мүмкіндіктерін қарастыру.

Фракция мүшелері Д.Қожамжарова, С.Қуандық жеті тұғыр бойынша пікірлерін білдірді. Және кәсіпкерлік және инновациялық даму, Ауыл шаруашылығы және ветеринария, Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, қалалық жайлы ортаны дамыту, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау және Білім басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.
Сондай-ақ, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы 2022-2024 жылдарға Жол картасында атқарылатын іс-шараларға қаржы қарастырылғанын мәлімдеді. Жол картасына 2021 жылы 330 миллиард теңге бөлініп, биылға жоспарланған іс-шаралар толығымен орындалады деп күтілуде. Ал, 2022 жылға 160 милллиард теңге қарастырылуда. 2023 жылға 150 миллиард теңге, 2024 жылға 210 миллиард теңге жоспарланып отырғанын жеткізді.

Фракция мүшелері мен басқарма басшыларына Партияның Әдеп кодексіне байланысты бірқатар тапсырмалар жүктелді. Жиын соңында қалалық мәслихат хатшысы Нарымбетов Бахадыр Мәдәліұлы сөз алып, «Үздік депутат» медалімен Т.Сұлтанова мен М.Жолдыхожаевты марапаттады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.