ШЫМКЕНТ: Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ

ШЫМКЕНТ: Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ

63 просмотров

ШЫМКЕНТ: Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ

Шымкент ҚПД Жергілікті полиция қызметінің Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы Еңбекші ауданы Полиция басқармасына қарасты учаскелік полиция пункттерінде «Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ» атты профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу, осы бағытта қабылданған іс-шаралармен таныстыру, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа ұшыраған отбасы мүшелеріне психология¬лық-құқықтық көмек көрсету.
2021 жылдың 29-маусымында Еңбекші АПБ ЖПҚБ Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары зорлық-зомбылыққа ұшыраған қыз-келіншектерге қабылдау өткізді. Үш азаматшаның арызы бойынша заңды шешім қабылдады.
Осы орайда, Шымкент ҚПД Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы тұрмыстық саладағы құқықбұзушылықтарға байланысты, ҚР-ның «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» заңына сәйкес, егер жәбірленуші әйел өзін қорғауға арыз жазатын болса, құқық бұзушыға қатысты нұсқама шығады. Яғни, ол адам профилактикалық есепке қойылады. Профилактикалық есепке қойылғаннан кейін, арыз түскен адамға 30 күн бойы профилактикалық іс-шаралар жүргізіледі. Оның үйіне учаскелік полиция инспекторы ұдайы барып тексеріп тұрады. Профилактикалық әңгімелер жүргізеді. Егер құқық бұзушы қорғау нұсқамасының талаптарын бұзатын болса, онда жәбірленушінің арызы бойынша, ол жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.