ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс

ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс

19 просмотров

ШЫМКЕНТ: Санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталуы тиіс

Қаратау ауданы аумағында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуына 6 мобильді топ күнделікті мониторинг жұмыстарын жүргізуде. Санитарлық талаптардың қаншалықты сақталғанына көз жеткізу үшін, тексеру тобы кәсіпкерлік нысандарды аралады.

Атап айтсақ, аудан аумағында ағымдағы жылдың 1, 2, 3 — шілде күндері 138 кәсіпкерлік нысанға мониторинг жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде 9 нысанда карантин режимінің талаптары бұзылғандығы белгілі болды. Ол нысандарға түсіндірме  жұмыстары жүргізілді.

Тексеру барысында «Асар» шағынауданы «Жаңа ғасыр» кафесінде, «Нұрсәт»тұрғын алабы «7 шаңырақ» мейрамханасында көпшілік жиын жасаған. Сонымен бірге, сауда орындарында бетперде тақпау, дезинфекциялық кілемшелердің жоқтығы, сонымен бірге кейбір дәмханаларда «ASHYQ» жобасына тіркелмегендігі анықталды.

Кезекті мониторинг нәтижесі бойынша аудандық мобильді топ Заң талаптарына бағынбаған нысан иелерінен түсініктемелер алып, құзыретіне сәйкес шара көру үшін Қаратау ауданы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады.

Қазіргі таңда қалада 45 бекетте вакциналау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтқан денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары А. Бекбауова коронавирусқа қарсы вакцина салғандардың саны 50 пайыздан асқанын мәлім етті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.