ШЫМКЕНТ: Сапалы өнім – денсаулық кепілі

ШЫМКЕНТ: Сапалы өнім – денсаулық кепілі

20 просмотров

ШЫМКЕНТ: Сапалы өнім – денсаулық кепілі

Балаға ойыншық таңдау – ата-аналардан барынша ұқыптылықты, жауапкершілікті талап етеді.

Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысқан жерлері, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмай-ақ қойған дұрыс.

Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет:  атауы, өндіруші елі, жасалған жері, өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу телефоны, өндірушінің тауар белгісі, пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай), ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай), шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақтау  шарттары (қажеттілігіне сай).

Сатылымға шығарар алдында ойыншықтар «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы»  008/2011 Кеден одағының   техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.

Тұтынушыларға кеңес: дүкендерден сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды ғана сатып алғандарыңыз жөн. Егер де сыртында таңбалануы толық жазылмаған жағдайда, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *