ШЫМКЕНТ: Тұрғындардың кезекті рет онлайн қабылдануы

ШЫМКЕНТ: Тұрғындардың кезекті рет онлайн қабылдануы

11 просмотров

ШЫМКЕНТ: Тұрғындардың кезекті рет онлайн қабылдануы

Қала әкімінің орынбасары М.Исахов шымкенттік тұрғындарды кезекті рет онлайн қабылдады.

Қабылдауға тұрғындар қала әкімдігінің ресми сайтына өтінім қалдыру арқылы және әлеуметтік желідегі жеке парақшасына хат жолдау арқылы алдын-ала жазылған.

Қабылдаудағы мәселелердің басым көпшілігі қоғамдық көліктердің жүру жүйесі, шағын аудандардағы ішкі орам көшелерді асфальттау және заңсыз салынып жатқан кәсіп нысандары мен спорттық алаңшаларға қатысты болды.

Көтерілген мәселелердің дер кезінде шешімін табуы үшін Мақсұт Пернебайұлы тұрғындарға кеңінен түсіндірді. Сонымен бірге, орындалуы тиіс шараларды қадағалауға алып, басқарма басшыларына тез арада қолға алуды тапсырды.

Айта кетейік, карантиндік талаптарға байланысты азаматтарды қабылдау онлайн режимде, WhatsApp желісінің видеоқоңырау жүйесі арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ, айтарым бар, қабылдауға жазылам деуші тұрғындар болса  8-7252-24-70-31 номері арқылы жазыла алады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.