ШЫМКЕНТ: «ТАСКЕН» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 9 ТРАНСФОРМАТОР ОРНАТЫЛЫП, 39 КМ ЖАҢА ЖЕЛІ ТАРТЫЛМАҚ

ШЫМКЕНТ: «ТАСКЕН» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 9 ТРАНСФОРМАТОР ОРНАТЫЛЫП, 39 КМ ЖАҢА ЖЕЛІ ТАРТЫЛМАҚ

21 просмотров

ШЫМКЕНТ: «ТАСКЕН» ШАҒЫНАУДАНЫНДА 9 ТРАНСФОРМАТОР ОРНАТЫЛЫП, 39 КМ ЖАҢА ЖЕЛІ ТАРТЫЛМАҚ

Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Шымкентке жасаған сапары кезінде айтты.

Бауыржан Байбек қалаға бұдан бес жыл бұрын қалаға қосылған «Таскен» шағынауданына барды. Мұнда 2 мыңдай үй мен бірқатар әлеуметтік нысан электр энергиясының ауық-ауық үзіліп қалуынан қиындық көріп отыр.

«Осы шағын ауданда тиісінше жұмыстар жүріп жатыр. 2000 үй деген ол үлкен шаруа. Газ шешілуде, су шешіліп жатыр. Қалған мәселелер де ретімен шешіледі. Қыркүйек айына дейін жергілікті монополист «Оңтүстік Жарық Транзит» 270 миллион теңгеге 39 км жаңа желі тартуды және 9 трансформатор орнатуды жоспарлап отыр. Тарифтердің ашықтығы мен коммуналдық қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мақсатында «Nur Otan» бастамашылық еткен «Айқын тариф» жобасының аясында біз бұл мәселені партиялық және қоғамдық бақылауда ұстаймыз, — деді Бауыржан Байбек.

Кездесу кезінде тұрғындар басқа да түйіткелдерді, соның ішінде шағын аудандағы жолдардың сапасына қатысты мәселелерді ортаға салды. Жергілікті биліктің айтуынша, көктемде осындағы бірнеше көшені жөндеу жұмыстары басталады.

Сонымен қатар «Nur Otan» партиясы төрағасының Бірінші орынбасары жұмыс сапары барысында Шымкент қаласының белсенді тұрғындарымен, зиялы қауыммен, жастармен және үкіметтік емес ұйым өкілдерімен бірнеше кездесу ұйымдастырып, қаланың өзекті мәселелерін бірлесе талқылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *