ШЫМКЕНТ: ЖАРЫҒЫНЫҢ ЖИІ ӨШУ СЕБЕПТЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

ШЫМКЕНТ: ЖАРЫҒЫНЫҢ ЖИІ ӨШУ СЕБЕПТЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

6 просмотров

Шымкент қалалық энергетика және коммуналдық шаруашылығы басқармасы қаладағы кейбір тұрғын алабтарда электр жарығының жиі өшу себебін анықтады. Жұмысшы топ тұрғындардың шағымы бойынша Нұрсәт тұрғын алабы әкімшілік іскерлік орталығының қалған бөлігіне зерделеу жұмыстарын жүргізіп, олар сол аумақтағы тұрғын үйлерді 10 кВ тарату бекетінен 4 кабель арқылы электр қуатымен қамтылатыны, алайда аталған кабельдердің 1-і ғана жұмыс жасап, 3-і істен шығып тұрғаны анықтады.

Осыған байланысты салалық басқарма «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-не кабельдерге лабораториялық тексеру жүргізіп, ақау орнын анықтауға тапсырма берді.

Сонымен қатар, басқарма басшысы мен жұмысшы топ өкілдерімен аралау барысында Ә.Юсупова атындағы көркем гимнастикалық мектебінің артқы бөлігінде орналасқан электр трансформаторына келетін кабель желісі ашық, қоршау үсті арқылы қосылып тұрғандығы анықталған. Бұл жағдай бойынша адам өміріне қәуіптілігін ескере отырып, «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС-мен бірлесе мектеп әкімшілігіне тез арада ретке келтіруге нұсқама берілді.
Басқарма бақылауына алынды.

ШЫМКЕНТ:   ЖАРЫҒЫНЫҢ ЖИІ ӨШУ СЕБЕПТЕРІ ТЕКСЕРІЛУДЕ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *