ШЫМКЕНТ: Жас түлектерге «Жастар практикасы» түсіндірілді

ШЫМКЕНТ: Жас түлектерге «Жастар практикасы» түсіндірілді

22 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жас түлектерге «Жастар практикасы» түсіндірілді

«Жастар практикасы» – жас мамандарға тәжірибе жинақтау мақсатында 25 АЕК көлемінде айлық жалақыны қамтитын мемлекеттік бағдарлама. Талапқа сәйкес, қатысушының жасы 29-дан аспауы тиіс және «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Соңғы үш жыл ішінде (2019-2021ж.) жоғары оқу орындары мен колледжердің түлектері бір-ақ рет қатыса алады.
Осыған орай, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің жас түлектеріне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3-ші бағыты аясындағы «Жастар практикасы» бағдарламасының тиімділігі кеңінен түсіндірілді.
Кездесу барысында Шымкент қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Бекмұратов пен жұмыспен қамту орталығының директоры С.Абдуллаев жастармен пікір алмасып, тәжірибе жинақтаулары үшін аталған бағдарламаның тиімділігін жеткізді.
Жалпы биыл қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан 2500 жасты аталған бағдарлама аясында жұмыспен қамту жоспарланған. Жыл басынан бері 1000-нан аса шымкенттік жас тәжирибеден өтуде. Былтыр 3 мыңға жуық жас аталған бағдарламамен жұмыспен қамтылып, оның 536-сы тұрақты жұмысқа орналасқан.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.