«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: ШИРЕК ФИНАЛҒА 32 КОМАНДА ӨТТІ

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: ШИРЕК ФИНАЛҒА 32 КОМАНДА ӨТТІ

17 просмотров

Үшінші мегаполисте ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен «Шымкент жастар лигасы» спорттық сайысы өтіп жатыр. Бұл жоба мектеп оқушыларының спортқа деген ынтасын оятып, қызығушылын арттыруда. Осы орайда қазіргі таңда Жастар лигасында 32 команда ширек финалға шықты. Спорттың 4 түрінен, атап айтқанда волейбол, баскетбол, футбол және шахмат ойындарынан жалпы 550 команда сынға түсіп жатқан болатын.Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, бұқаралық спортты дамытумен қатар, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Жастар лигасының берері мол. Қаланың 140-қа жуық білім ошақтарының спортқа жаны жақын оқушылары қатысып жатқан сайыста жанкүйерлер командасын құру да көзделген.Ашық аспан астында өтіп жатқан футболдан іріктеу турнирі алдағы мереке күндеріне, дейін аяқталуы тиіс. Ал, өзге спорт түрлерінен өткізілетін сайыстар жоспарға сәйкес жүзеге аспақ. Салаға жауаптылар алдағы уақытта ширек финал мен ақтық мәре ойындарын Қазақстан прмеьер лигасы өтетін алаңда яғни, Қажымұқан стадионында өткізуді жоспарлап отыр.Жарыста баскетбол, волейбол ойындарынан 32 команда ширек финалға шықты. Шаһардың 4 ауданын түгел қамтыған бұл шара 2 кезеңге жоспарланған. І кезең — наурыз бен маусым айларының аралығында жалпы білім беру мекемелерінің арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарына бағытталса, ІІ кезең – қыркүйек пен қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындары арасында шахматтан өтпек. Жоба жеңімпаздарына 20 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі.Бүгінгі таңда командалардың ойын кестесі бекітілді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде арнайы @shymkent_jastar_league парақшасы іске қосылды. Аталған парақшада тұрақты түрде турнир бойынша ақпарат жариялануда.Айта кетейік, спорттық ойындар санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілуде.

«ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫ»: ШИРЕК ФИНАЛҒА 32 КОМАНДА ӨТТІ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *