ШЫМКЕНТ: Жол белгілер жаңартылды

ШЫМКЕНТ: Жол белгілер жаңартылды

24 просмотров

ШЫМКЕНТ: Жол белгілер жаңартылды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Әкімшілік полиция басқармасы Жол техника инспекция бөлімінің қызметкерлері қала көшелерінде зерделеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мысалы, полиция қызметкерлері қаладағы Д.Қонаев көшесінде жолдағы жолақтың бірінде жол сызбалары өшіп кеткенін байқаған. Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды.

Тәртіп сақшылары Шымкент қаласы әкімдігі Жолаушылар көлігі және автобиль жолдары басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Сарбаздар көшесінің жол белгілерін қалпына келтірді.

Сондай-ақ, полиция қызметкерлері қаладағы М.Әуезов көшесінде жаяу жүргіншілерге арналған жолақтың бірінде жол сызбалары өшіп кеткенін байқаған. Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды.

Шымкент қаласындағы көшелерінің жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың жол сызбалары өшіп кеткенін байқаған. Нәтижесінде, аталған жайт бойынша Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына арнайы жол сызбасын жаңарту мақсатында ұйғарым жолданды.

Қазіргі таңда анықталған кемшіліктер жойылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.