ТУРИСТЕРДІ МИЛЛИОН ДАНА ҚЫЗҒАЛДАҚПЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ

ШЫМКЕНТ: ТУРИСТЕРДІ МИЛЛИОН ДАНА ҚЫЗҒАЛДАҚПЕН ҚАРСЫ АЛАДЫ

48 просмотров

ШЫМКЕНТ

Биыл Шымкентте ерте көктемде ең алғаш гүлдеп, қала келбетіне ерекше сән беретін 1 миллион 300 мың дана қызғалдақ гүлі егілді. Осылайша ТМД елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иемденген шаһар қонақтар мен туристерді құлпырған әсем гүлдермен қарсы алмақ.

Шымкенттің символы болып табылатын қызғалдақтардың басым көпшілігі голландық сұрып­тағы сары, қызыл, көк, қызғылт және күлгін түсті.

Қызғалдақтың гүлдеу маусымы аяқталғаннан кейін, орнына басқа да жаздық гүлдер егіледі. Биыл олардың саны екі есеге артпақ. Яғни, 2 миллионға жуық жаздық гүл көшеттерін отырғызу жоспарлануда.

Бұдан бөлек, осы жылы көк­­тем және күз айларында көп­жыл­дық 25 мыңнан ас­там рау­шан гүл көшет­тері мен 90 мың лигуструм бұтақшалары, 30 мың қылқан және жай жа­пы­­рақты ағаш көшеттері отыр­ғы­зылмақ. Осылайша әсем гүлдер мен жасыл желек үшінші мегаполистің ажарын аша түспек. Қаланы көгалдандыру ісіне жауапты мамандардың айтуынша, гүлдер суретшілердің бірлесіп сызған эскизіне сай егіледі.

egemen.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *