ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

45 просмотров

ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІ ТҮРДЕ ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ КЕЛУШІЛЕРДІҢ ҚАТАРЫ АРТУДА

Шымкентте ерікті түрде әскери қызметке келушілердің қатары артуда. Бұл туралы қалалық қорғаныс істер жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Ринат Мадияров мәлімдеді.

Департамент бастығы орынбасарының айтуынша, қазіргі таңда қалада барлық әскери құрылым төтенше жағдаймен күресуге жұмылдырылған. Десе де әскери қызметке 100 азаматты қабылдау жоспарланған. Бұл азаматтар залалсыздандыру жұмыстары мен блокпосттарда патруль қызметін атқаратын болады.

«Қызметке тартылатын жастардың саны 100-ге жуықтайды. Қазіргі таңда оларды анықтап жатырмыз. 35 жасқа дейінгі белсенді азаматтарды тіркеуге аламыз. Дегенмен әскери қызмет еткісі келетіндердің қатары толастамай отыр», — дейді Ринат Мадияров.

Әскери талап бойынша еріктілердің денсаулығын әскери медициналық комиссия тексереді. Денсаулығында кінәрат жоқтары әскери бөлімдерге жолданады. Олар төтенше жағдай уақыты біткенше әскер қатарында болады деп жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *