ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІЛЕР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ

ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІЛЕР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ

19 просмотров

ШЫМКЕНТТЕ ЕРІКТІЛЕР ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫНА КӨМЕКТЕСУДЕ

Бүгінге дейін Шымкент қаласында коронавирус инфекциясымен ауырған 1404 азамат тіркелген. Бұл ретте қауіпті індеттің алдын алу үшін шаһарда дезинфекция жұмыстары күшейтілген.

Осы орайда Қаратау ауданы аумағындағы адам көп шоғырланған орындарды дезинфекциялау жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Яғни, саябақ, аллея, сквер сынды демалыс орындары толықтай індетке қарсы залалсыздандырылды.

Сонымен қатар, көпқабатты үйлердің аулалары мен кіреберістерін дезинфекциялау жұмыстары да атқарылуда.

Егер өзіңіз тұратын үй ауласында дезинфекциялау керек болса, жергілікті әкімдікке хабарласуларыңызға болады.

Дезинфекция жұмыстарын күшейткен Шымкент қаласының әкімдігі еріктілер мен әскерилердің күшімен ойын-сауық орталықтары мен қоғамдық орындарды залалсыздандырып, ауыр жүк көліктерімен көшелерді санитарлық тазалауда. Мегаполистегі барлық көшеге 20 бағыт бойынша 20-дан астам техника жұмылдырылған. Бұл тізімге аялдамаларды залалсыздандыру да енгізілген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *