ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН РОБОТ ҚҰРАСТЫРДЫ

ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН РОБОТ ҚҰРАСТЫРДЫ

10 просмотров

ҚАЗАҚША СӨЙЛЕЙТІН

Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының оқушылары Елдос Тұран,Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртай «Ino.lab» инновациялық лабораториясында қазақша сөйлейтін робот жасап шықты.

Жас өнертапқыштар бүгінде аталған зертханада ақпараттық технологияларды меңгеріп жүр. Болашақта жасанды интеллектпен жұмыс істейтін осындай роботтарды көптеп жасамақ.

Жас өнертапқыштар жасаған робот өздігінен қозғалып, қазақша қойылған сұрақтарға жауап бере алады және мобильді қосымшамен басқарылады.

Сондай-ақ, топ мүшелері Нұрбек Шерехан, Жантөре Мұсаев, Ілияс Өміртайдың да робот жасауға зор үлес қосқанын жеткізді. «INO» командасы өздері құрастырған қазақша сөйлейтін роботты «U:hack» инновациялық идеялар фестивалінде көпшілік назарына ұсынды.

Aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *