«SMART TURKISTAN» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«SMART TURKISTAN» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

32 просмотров

«SMART TURKISTAN» МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, «Smart City» тұжырымдамасы бойынша «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Бүгінгі таңда мемлекеттік қызметтерді жылдам әрі оңай алу цифрлық құралдар арқылы жүзеге асырылуда. Осы орайда, «Smart Turkistan» мобильдік қосымшасы облыс тұрғындары мен қонақтарына қоғамдық қауіпсіздік, коммуналдық қызметтер, транспорт, туризм, денсаулық сақтау, білім беру, кәсіпкерлік саласы, жер қатынастары, такси қызметі, мемлекеттік органдар басшыларына виртуалды қабылдауға тіркелу, тұрғын үй кезегі және тағы басқа салалар бойынша қызметтерге, ақпараттарға жылдам әрі қолайлы қол жеткізуіне мүмкіндік береді.Бұдан бөлек, елімізде күн тәртібіндегі бірінші мәселеге айналған коронавируc індеті туралы соңғы жаңалықтар, алдын алу шаралары, облыс әкімдігімен жарияланған ескертпелер, хабарламалар осы мобильдік қосымша орнатылған ұялы телефонға хабарлама ретінде келіп отырады. Қосымша Android әрі Apple Store жүйелеріне қолжетімді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *