СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

5 просмотров

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ БОС УАҚЫТЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУДА

Халықтың бос уақытын тиімді пайдалануға және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, сонымен қатар жасөспірімдер мен жастардың спорт нысандарын тегін негізде пайдалану үшін Түркістан қалалық білім бөлімімен, жоғары оқу орындарымен, колледждермен, қаладағы алаңдармен меморандум жасалынған дейді спорт мамандар. Бүгінгі таңда қалада барлық спорт түрі – волейбол, бокс, таеквондо, тоғызқұмалақ, баскетбол, қазақ күресі, самбо, үстел теннисі, футбол, жеңіл атлетика, дзюдо, еркін күрес, су спорты онлайн режимінде жұмыс атқарып отыр.

Биыл облыс орталығында 7000 орындық «Turkistan Arena» стадионы мен жабық бассейн, сондай-ақ бірнеше кіші футбол және баскетбол, стрит-воркаут алаңдары пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл келешектің еншісіндегі шаруалар. Ал, әзірге карантин талаптарын қатаң сақтап, тек спортшыларымыз емес, әрбір қала тұрғыны салауатты өмір салтын ұстанып, үйлерінен шықпай-ақ спортпен шұғылданулары қажет. Бұл біріншіден, індеттің алдын алу болса, екіншіден денсаулықтарын шыңдауға мол мүмкіндік береді.

Алда бізді шуақты күндер мен спортшыларымыз биік белестерді бағындыратын жеңісті сәттер күтіп тұр. Лайым солай болғай!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *