СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗДЫ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕТЕ БЕРСІН

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗДЫ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕТЕ БЕРСІН

4 просмотров

СПОРТШЫЛАРЫМЫЗ КӨК БАЙРАҒЫМЫЗДЫ КӨКТЕ ЖЕЛБІРЕТЕ БЕРСІН

Елдегі карантин кім-кімді болмасын әбігерге салғаны жасырын емес. Бірақ біртіндеп бұл нәубеттенде аман өтерімізге сенемін. Ең бастысы ел басына күн туғанда қол ұшын созу керек. Өз салама оралайын. Карантиннен кейін таеквондошыларымыз қайта бабына келуі үшін кемінде бір ай керек. Ұзақ үзілістен кейін спортшылар физикалық бабын жоғалтып алады. Осы тұстарды ескеріп, бүгінде онлайн байланыс арқылы барлық тапсырмаларды беріп, қадағалап отырмыз. Әлбетте, онлайн жаттығудағы кеткен кемшіліктерді өз уақытында түзеп барсақ спортшыға оң әсерін тигізері анық. Шілде айының ортасында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін балалар арасында Қазақстан чемпионаты келесі айға шегерілді. Бүгінгі таңда осы жарысқа тыңғылықты дайындық жұмыстарын жүргізудеміз. Жалпы онлайн тапсырма арқылы 40-қа жуық балаға жаттығу өткізудеміз. Құдай қаласа, әлемдегі ахуал тұрақталып, бабы келіскен спортшыларымыздың көк байрағымызды көкте желбірететін қуанышты сәттеріміз көп болсын деп тілейік.

Абзал ТҰРАРОВ,

Түркістан қаласындағы таеквондодан балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *