
Облыс орталығы Түркістанда болашақта спортқа ден қойған жандардың қатары көбеймек. Бұл ретте Жаңарған қарт қалада түрлі спорт нысандары салынуда. Соның бірі UEFA классификациясы бойынша бой тіктеген 7 000 орындық стадион.
Қазіргі таңда мұнда құрылыс қызу жүріп жатыр. Жуық арада пайдалануға беріледі деп күтілуде. skcn.kz сайтының мәліметіне сүйенсек жер учаскесінің жалпы ауданы — 8,3 га құрайды. Көрермендер мінбесі жеті мың адамның жайғасып, спорт ойындарын көруіне мүмкіндік туғызады. Ғимараттың жалпы ауданы — 19 846,78 м2 құраса, оның пайдалы ауданы — 14 943,87 м2. Алаңның жалпы ауданы — 15 660 м2, оның ішінде Футбол алаңы — 7 856 м2 алып жатса, жүгіру жолдары — 7 804 м2.



Жобалау: «Мемсараптама» РМК оң қорытындылары 1-кезең бойынша – 16.08.2019 ж., 2-кезең бойынша — 01.11.2019 ж. және 3-кезең бойынша – 14.05.2020 ж. алынған.
Қазір құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталуда.