ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

50 просмотров

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ

Жұмыс сапарымен Түркістан облысы Түлкібас ауданына келген облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев жақында ғана қолданысқа берілген халыққа қызмет көрсету орталығында болып, жаңа орталықтың жұмыс барысымен танысып, аудан ақсақалдарымен кездесті. Ардагерлер елдің бірлігі, тұрақтылық, ұрпақтар сабақтастығы туралы ойларын ортаға салды. Оймақты ойлар мен салмақты сөздер айтылған кездесу соңында облыс басшысы қазыналы қарттардың қолдауына ризашылығын білдірді.

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ


«Сіздер түрлі салада жылдар бойы қажырлы еңбек етіп, өңірдің дамуына айрықша үлес қостыңыздар. Өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз кейінгі буынға үлгі — өнеге. Өздеріңізбен дидарласып, тапсырмаларыңызды тыңдау — мен үшін үлкен мәртебе», — деді Өмірзақ Шөкеев.

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ


Бұған дейін ауданда кең күту залдарымен жасақталған ХҚО болмаған. Үзіліссіз қызмет көрсететін жаңа оталық заманауи цифрлық қызметтер көрсету орындары, оқу кабинеті, демалыс бұрышымен жабдықталған. «Цифрлық қызмет көрсету» секторы жұмыс істейді. Соңғы үлгідегі компьютерлермен жабдықталған орталықта бір мезетте 10 адам өз бетінше қызмет ала алады.

ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ ХҚО ЖАҢА ҒИМАРАТҚА КӨШТІ


Жыл басынан бері «Азаматтарға арналған үкіметтің» Түркістан облысы бойынша филиалы арқылы 2,3 млн-нан аса мемлекеттік қызмет көрсетілсе, оның тең жартысын түркістандықтар электронды түрде өзіне-өзі қызмет көрсету секторы арқылы алған. Елдегі карантин жағдайын ескере отырып, ХҚО алдын ала кезекті брондау форматымен қызмет көрсетеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *