ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА САУМАЛМЕН ЕМДЕУ БАҒЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА САУМАЛМЕН ЕМДЕУ БАҒЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

39 просмотров

ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА САУМАЛМЕН ЕМДЕУ БАҒЫТЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

Қатерлі індеттің тарауына байланысты Түлкібас сауықтыру орталығына келушілер қатары да артқан деп хабарлайды «Хабар 24».

Тау баурайында орналасқан орталықта тынығушылардың дені саумал мен қымыз ішкенді құп көреді екен.

Нұржігіт Қалмырзаев, кәсіпкер: – Шипажайдың жақсы жері бұл жерде таза ауа. Адамның ағзасына таза ауадан артық ештеңе керек емес екен шын мәнінде. Қымыз бен саумал иммунитетке жақсы. Осындай індет кезінде иммунитетті көтеру үшін саумал мен қымыз ішу керек.

Мұрат Ергебеков, кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маманы: – 2019 жылы аудан бойынша 17 кәсіпкер жалпы сомасы 74 миллион теңгеге несие алған болатын. Соның арқасында әр кәсіпкер орта есеппен 9-10 биеден алып, қазір қымыз шаруашылығын дамытуда. Ал биыл жыл басынан бері 9 кәсіпкер «Игілік» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 62 миллион теңгеге қол жеткізіп, дәл осындай шаруашылық бойынша бие кәсібімен айналысып жатқан жөні бар. Қымыздың пайдасы мол екенін дәрігерлер де жиі айтады. Ұлттық сусын құрамында өкпені нығайтатын D дәруменіне қоса ағзаға қажетті 40 шақты биологиялық компонент кездеседі екен. Сұраныс болған сол болар, Түлкібас ауданында қымыз баптайтындар қатары жыл санап артып келеді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *