ТҮЛКІБАСТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАСТАЙТЫН ОРЫНДАР ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУДЕ

ТҮЛКІБАСТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАСТАЙТЫН ОРЫНДАР ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУДЕ

24 просмотров

ТҮЛКІБАСТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАСТАЙТЫН ОРЫНДАР ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУДЕ

  Түлкібас ауданында тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған 5 орын (полигон) белгіленген. Аталмыш орындарды аудан әкімі Н.Байғұт жеке-жеке аралап, қазіргі жай-күйімен танысты. Бұдан соң Нұрлан Мархабатұлы аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында салаға қатысты орынбасары мен тиісті бөлім басшыларын және аудан аумағында күл-қоқыс жинаумен айналысатын мекеме басшыларын жинап, жиын өткізді. Жиында аудан аумағындағы полигондарды заң талаптарына сәйкестендіру және қоқыс пен тұрмыстық қалдықтарды сұрыптау мәселелері талқыланып, бұл бағыттағы жұмысты жүйелендіру мәселесі нақтыланды.

ТҮЛКІБАСТА ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚ ТАСТАЙТЫН ОРЫНДАР ТАЛАПҚА СӘЙКЕСТЕНДІРІЛУДЕ

  Жиынды түйіндеген аудан әкімі Нұрлан Мархабатұлы салаға жауапты орынбасарына және тиісті дербес бөлім басшыларына облыстық тиісті басқармаларға тұрмыстық қалдықтарды тастауға арналған орындардың құжаттарын заңдастыру мақсатында тез арада хат дайындап, бір аптаның ішінде белгіленген орындар бойынша қаулы жобасын дайындауды тапсырды. Сонымен қатар ауылдық округ, кент әкімдеріне орталықтандырылған күл-қоқыс шығару жүйесін іске асыру мақсатында жұмысты жүйелендіру бойынша тиісті жұмыстар жүргізу қажеттігін ескерді.

  Алдағы уақытта аудан әкімінің бастамасымен Түлкібас ауданы екі зонаға бөлініп, әр зонада орталықтандырылған тұрмыстық қалдықтар тастайтын полигонда күл-қоқысты өңдейтін цехтар ашу жоспарлануда. Қалған 3 полигон қатты құрылыс қалдықтарын тастауға арналған орын ретінде болады. Бүгінгі таңда бұл бағыттағы жұмыстар аудан орталығында жанданып отыр. Яғни, аудан орталығына қарасты полигонда заман талабына сай қоқыс өңдеу цехы салынып, бекітілген талаптарға 80 пайыз сәйкестендірілген.

Өткен жылы облыстық тиісті басқарма тарапынан күл-қоқысты өңдеу жоспары жалпы жиналған қоқыстын 10 пайызын құраса, ол жоспар толығымен орындалған. Ал, биыл жыл соңына дейін жоспар 13 пайыз болса, бүгінгі таңда жоспардың 5 пайызы орындалып қойған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *