ТҮЛКІБАСТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

ТҮЛКІБАСТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

24 просмотров

ТҮЛКІБАСТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

Бүгінде елімізде короновируспен ауырған науқастардың саны артуда. Індеттен сақтанып алдын алу мақсатында облысымыздың аудан мен қалаларында залалсыздандыру жұмыстары қарқынды жүруде. Атап айтсақ, Түлкібас ауданының аумағындағы қоғамдық орындар, мекемелер және халық көп шоғырланатын жергерге дизенфекция жұмыстары жүргізілуде. Бұған көше бойларына арнайы техника мен мамандарды жұмылдырылған. Олар сақтық талаптарын сақтай отырып залалсыздандыру шараларының күшейтілуіне атсалысып отыр.

ТҮЛКІБАСТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ


Сондай-ақ, коронавирус пандемиясының алдын алу мақсатында халық көп баратын ҚазПошта, Халық банкі, Халықтық кеңсе, аудан әкімдігі, аудандық емхана, Халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық Полиция бөлімі ғимаратында залалсыздандыру өткелдері аудан тұрғындары мен сол мекемелерде қызмет атқаратын мамандардың қауіпсіздігі үшін қажеттілігіне қарай тәулігіне 24 сағат жұмыс істеуде.

ТҮЛКІБАСТА ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ҚАРҚЫНДЫ


Айта кетерлік, аудан әкімдігіне қарасты барлық ауылдық округтер мен дербес бөлімдер залалсыздандыру жұмыстарын жүргізуге арналған арнайы киімдер және құрал-жабдықтармен толық қамтылған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *