ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАРДА 2000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАРДА 2000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

93 просмотров

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАРДА 2000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Елімізде көмекке зәру жандарға жәрдем беруге асығатын жандардың қолдауымен өтіп жүрген сауабы мол істер саны күннен-күнге артып келеді.

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАРДА 2000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» демекші, жақсылық ешқашан да елеусіз қалмайды. Қай күні болмасын, жақсылығың өзіңе қайтып келері анық, тек оны міндетсінбесең болғаны.

Осыны ұғынған түлкібастықтар жақсылық жасаудан жалыққан емес. Соның бірі аудандық «Сауыткүл апа» жеке балабақшасының меңгерушісі Мырзалиева Жансая есімді жеке кәсіпкер төтенше жағдай кезінде қайырымдылық танытуға белсенді түрде кірісті.

Бірінші кезекте кәсіпкер өз қаражатынан 2000 дана бетперде тіккізіп, аудан орталығындағы халық көп шоғырланатын орталық базар аумағы мен азық-түлік сататын сауда орталықтарына еріктілердің көмегімен таратты.

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕР ҚОҒАМДЫҚ ОРЫНДАРДАРДА 2000 ДАНА БЕТПЕРДЕ ТАРАТТЫ

Мемлекет басшысы биылғы жылды «Еріктілер» жылы деп бекітуіне байланысты табиғаты шұрайлы Түлкібас ауданында аудан әкімдігінің ұйытқы болуымен еріктілер тарапынан іске асып жатқан әр бір игі іс халықтың қолдауына ие. Аудандағы жомарт жандардың қатарының артуы оның айқын дәлелі деп білеміз.

#BizBirgemiz #stopcovid19_Turkistan

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *