ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

72 просмотров

ТҮЛКІБАСТЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ТҮСКІ АС ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Бүгін Түлкібас ауданында ел құптарлықтай тағыда бір игі шара орын алды. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен, «АҚ-СҰҢҚАР» дәмханасының иелері Оңғарбаев Бақытжанмен Маманова Жазира атты жеке кәсіпкерлердің демеушілігімен, елімізде орын алған қауіпті дерттің алдын алып, тәулігіне 24 сағат қызмет атқарып жүрген Түлкібас аудандық аурухананың 100 (реанимация, пульмонология, жұқпалы аурулар, қабылдау бөлімдерінің) қызметкерлеріне түскі ас ұйымдастырылды.
Халқымызда «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей осылайша түлкібастық кәсіпкерлер күн –түн демей, ауа-райының қолайсыздығына қарамай жұмыс жасап жатқан абзал жандар, денсаулық саласының мамандарына қолдау көрсетіп, көңілдерін бір қуантып тастады. Ел игілігі жолында қолға алған бұл бастама көпке үлгі боларлық сауапты іс болды. Сындарлы сәтте ел үшін аянбай еңбек етіп жатқан дәрігерлер осындай бастама бастаған кәсіпкерлерге ризашылықтарын жеткізіп, алғыстарын білдірді.
Бұл игі шараға Түлкібас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» жанынан құрылған «Мейірім» еріктілер тобының жастары ат салысып, көпшіліктің алғысына ие болды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *