Түнгі рейд жалғасуда

Түнгі рейд жалғасуда

36 просмотров

Түнгі рейд жалғасуда

«Түркістан — қауіпсіз қала» жоспары шеңберінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстармен құқық бұзушылықтардың алдын — алу мақсатында «Түнгі қала балалар» алдын алу іс — шарасы өтті.

Түнгі рейд жалғасуда


Түркістан облысы Полиция департаменті басшысының бұйрығына сәйкес жергілікті полиция қызметі, қалалық білім беру бөлімі және «Жастар ресурстық орталығы» КММ — нің қызметкерлері бірлесе ұйымдастырған рейд барысында қала аумағындағы орналасқан ойынханалар мен кафелерде, мейрамханаларда заңды өкілінсіз жүрген кәмелетке толмаған бес жасөспірім анықталды.
Олардың ата — аналарына баламен жұмысты күшейту керектігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Айыппұл салынып, бала тәрбиесін қадағалау керектігі ескертілді.
Рейдтік іс — шаралар алдағы уақытта тұрақты түрде өз жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *