Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда

Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда

13 просмотров

Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы киелі Түркістан қаласында бүгінде індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда. Қалаға кіреберісте Ынтымақ, Кентау, Шәуілдір, Балтакөл блок — посттары мен теміржол вокзалындағы бақылау — өткізу бекеттерінде 15 бейнебақылау камералары орнатылды — деп жазады egemen.kz.

5 бекеттің әрқайсысында 3 «Сергек» камерадан қойылған. Барлық бейнежазылым 30 күн бойы сақталады.

Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда

Бұдан бөлек 2 бейнебақылау камерасында автокөліктердің мемлекеттік тіркеу нөмірлерін тану жүйесі іске қосылған. Әсіресе, Нұр-Сұлтан, Алматы және шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге алу бойынша қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Онда полиция, дәрігерлер мен жедел-жәрдем және төтенше жағдай қызметкерлері тәулік бойы қызмет етуде. Облыс аумағында орналасқан бекеттердегі бақылау камералары облыстық ситуациялық орталыққа қосылған.

Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов қала базарларын аралап, бағаларды тұрақтандыру бойынша саудагерлермен әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасын белгіленген мөлшерден асырмау жайлы келіссөздер жүргізді. Саудагерлермен келісілген бағаны жариялап, сол бағадан жоғары болса дереу хабарласуға болатын телефон нөмірі де тұрғындарға жария етілді. Сондай-ақ қала әкімі онлайн форматта, яғни күнде кешке тікелей эфирге шығып, тұрғындармен ой бөлісіп, сауалдарына жауап беруде. Жергілікті тұрғындар рухани қала әкімінің төтенше жағдай жарияланған алғашқы күндері біраз уақытқа дейін бетпердесіз жүргенін де назардан тыс қалдырмапты. Басшылардың барлығы бетперде тағып жүргенде әкімнің бұл әрекетін білгісі келгендер тікелей эфир арқылы сауалын да жолдаған. «Бетперде жетіспеушілігі бізде ғана емес, барлық қалаларда туындап тұр. Қазіргі таңда қолға алып, жергілікті кәсіпкерлер тәулік бойы тігуде. Тақпайтын себебіміз де сол. Халыққа жеткізе алмай жатырмыз. Әкімдік қызметкерлері 174 мың адамның өміріне жауапты. Бетперделер дәріханаларда пайда болып, халық қамтамасыз етілгенде — біз де тағатын боламыз» — деп жауап беріпті тұрғындар сауалына Рашид Аюпов. Осылайша қала әкімі тұрғындардың барлығын бетпердемен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жеделдете түсті. Нәтижесін қала әкімінің бүгінде үнемі бетперде тағып жүргенін аңғаруға болады. Сондай-ақ облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасымен қаланың 6 бағытында бақылау-тексеру бекеттері қойылып, құзырлы мекеме қызметкерлері кірген адамдарды тіркеп, денсаулық көрсеткіштерін бақылауға алған. Аялдамалардан бастап, қоғамдық көлік, автобекеттер, теміржол вокзалы және басқа да адамдар көп шоғырланатын жерлерде дезинфекциялау жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Түркі әлемінің мәдени-рухани орталығында індетті болдырмаудың барлық амалы жасалуда

Балабақшалар жұмысы наурыздың 20-нан тоқтатылған. Бірқатар мекемелердің жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізіліп, сақтық шараларын орындауы қадағалануда. Шымкент қаласында бір емес, екі адамның індетке шалдыққаны жайлы ақпарат тұрғындардың базарларды да жабу керек деген ұсынысына түрткі болса керек. Бұған қоса, Covid-19 және оқшаулама маңызы жайлы әкімдік тарапынан қарапайым тілде дайындалып, таратылып жатқан ақпарат та өз септігін тигізуде.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *