"Түркістан құпиялары" атты деректі фильм түсірілді

«Түркістан құпиялары» атты деректі фильм түсірілді

56 просмотров

"Түркістан құпиялары" атты деректі фильм түсірілді

Профессор Жамбыл Артықбаевтың «Түркістан құпиялары» атты еңбегі бойынша деректі фильм түсірілді. «САҚ» киностудиясы мен «Оңтүстікфильм» мекемесі дайындаған фильм Түркістанның тарихынан сыр шертеді.

Толығырақ тоқталсақ, тарихи тылсымға толы киелі мекенде деректі фильм Түркістан облысы мәдениет басқармасының тапсырысымен түсірілген. «Оңтүстікфильм» мекемесі жергілікті «САҚ» киностудиясымен бірлесе отырып дайындалатын бұл фильм осы өңірдің көпшілік біле бермейтін құпияларын қамтып қана қоймай, көрерменнің Түркістанға деген жаңа көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Фильм продюссері Нуриддин Паттеевтің айтуынша, бұл туынды шетелдіктердің ерекше қызығушылығын оятады. Өйткені мұндағы мәліметтер, аңыздар және оқиғалар сол кезеңдерді білдіретін сюжеттік кино туындысы ретінде баяндалады. Бұл әдіске қазіргі таңда ВВС секілді әлемдік телекомпаниялар баса назар аударып отыр. Үш тілде дыбысталып, туризмнің дамуына ықпал ететін туынды болмақ.

Тарих ғылымдарының докторы, профессор — Жамбыл Артықбаевтың қатысуымен түсірілген туынды жуырда көрерменге жол тартпақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *