"ТҮРКІСТАН ҚҰПИЯЛАРЫ": Сюжетті-деректі фильмнің тұсауы тамызда кесіледі

«ТҮРКІСТАН ҚҰПИЯЛАРЫ»: Сюжетті-деректі фильмнің тұсауы тамызда кесіледі

25 просмотров

"ТҮРКІСТАН ҚҰПИЯЛАРЫ":  Сюжетті-деректі фильмнің тұсауы тамызда кесіледі

Тарихи тылсымға толы киелі мекенде «Түркістан құпиялары» атты сюжетті-деректі фильмнің түсірілімі басталды. Түркістан облысы мәдениет басқармасының тапсырысымен «Оңтүстікфильм» мекемесі жергілікті «САҚ» киностудиясымен бірлесе отырып дайындалатын бұл фильм осы өңірдің көпшілік біле бермейтін құпияларын қамтып қана қоймай, көрерменнің Түркістанға деген жаңа көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

Фильм продюссері Нуриддин Паттеевтің айтуынша, бұл туынды шетелдіктердің ерекше қызығушылығын оятады. Өйткені мұндағы мәліметтер, аңыздар және оқиғалар сол кезеңдерді білдіретін сюжеттік кино туындысы ретінде баяндалады. Бұл әдіске қазіргі таңда ВВС секілді әлемдік телекомпаниялар баса назар аударып отыр. Үш тілде дыбысталып, туризмнің дамуына ықпал ететін туынды болмақ.

Фильмнің ұзақтығы 20 минут. Сценарий авторы – Бақытжан Құлжабаев пен Батырхан Дәуренбеков. Режиссері – Батырхан Дәуренбеков. Түсірілім жұмыстары 1 айға жоспарланған. Тамыз айында жаңа туындының тұсауы кесілмек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *