ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

9 просмотров

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев рухани шаһардағы әкімшілік-іскерлік орталығы аумағында бой көтерген тұрғын үйлер мен «RIXOS» және Хэмптон қонақ үйлері, Керуен сарай, кітапхана, Тұңғыш Президент саябағы мен «Әзірет-Сұлтан» қорық мұражайындағы құрылыс және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылады.

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

Құрылыс алаңына айналған көне шаһарда құрылыс жұмыстары бір сәтке де тоқтамақ емес. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы құрылыс нысандарын аралап, құрылысшылардың жұмыс жағдайына аса мән берді. Барлық жұмыстар уақытылы әрі санитарлық талапқа сай жүргізілуі тиіс деді аймақ басшысы.

ТҮРКІСТАН: ҚҰРЫЛЫСТЫҢ ҚАРҚЫНЫ ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ТІКЕЛЕЙ БАҚЫЛАУЫНДА

Өмірзақ Естайұлы бұдан соң қала көшелеріндегі жол жөндеу жұмыстарын да тексерді. Биылғы жылы жол инфрақұрылымын дамыту мақсатында әкімшілік-іскерлік орталығына іргелес орналасқан, яғни инфрақұрылымы толық аяқталған аймақтарда 106,3 шақырымды құрайтын 81 көшеге орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі таңда 58 көшеде жұмыс қарқынды жүргізілуде. Облыс орталығының даму қарқыны аймақ басшысының тікелей бақылауында.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *