ТҮРКІСТАН: Қала әкімі шаһардағы ағаш егу жұмыстарын бақылады

ТҮРКІСТАН: Қала әкімі шаһардағы ағаш егу жұмыстарын бақылады

13 просмотров

ТҮРКІСТАН: Қала әкімі шаһардағы ағаш егу жұмыстарын бақылады
Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбеков қала төңірегіндегі ағаш егу бойынша тапсырмалардың орындалуын аралап тексерді. Сонымен қатар, шаһардағы инфрақұрылым жүйесі құрылыстарындағы талаптардың сақталуын зерделеді. Аралау барысында тазалық бойынша да бірқатар кемшіліктер көзге түсті.
Жұмыс күнін орынбасарларымен жиналыс өткізумен бастаған Нұрбол Әбдісаттарұлы берілген тапсырмалардың орындалуына талапты қатаңдатуды тапсырды.
— Кемшіліктерді көріп, секторлардың тұрғындармен байланысы әлі де тиісті деңгейде емес екеніне көз жеткіздім. Жөн сөз айтылса, есті адам естиді, тыңдайды, түсінеді. Тазалық пен көгалдандыру күн тәртібінен түспейтінін назарларыңызға саламын. Және бұл іске біз ел болып жұмылуымыз керек. «Жаны ашымастың жанында басың ауырмасын» деген қанатты сөз бар. Әр адам айналасына жанашырлықпен қарамаса, тірлік бекер, еңбек еш, — деді шаһар басшысы өз сөзінде.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *