ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

21 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Түркістан қаласындағы базарларда тек азық-түлік дүкендері ғана жұмыс жасайды, сондай-ақ, балабақшалар жұмысы бүгіннен бастап тоқтатылды, деп хабарлайды «Yassy-tur.kz»  ақпараттық агенттігі  Түркістан қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әкімдік, төтенше жағдай, полиция, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау (СЭС) қызметкерлерінен құрылған штабта 5-91-87 нөмірі арқылы мәселеңізді айта аласыз. Тәулік бойы мамандар сұрақтарға жауап беруге әзір. Сонымен қатар, мөлтек аудандарға бөлінген 5 мобильді топ жұмыс жасауда. Белгілі болғандай, тұрғындар мерекелік шаралар бойынша көптеп сауал жолдайды.

ТҮРКІСТАН ҚАЛАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Әр мөлтек аудандағы кафелер, дәріхана, дүкен, монша сынды халық көп шоғырланатын орындарды бақылау күшейтіледі. Сәйкесінше, ақпараттық жадынамалар таратылып, заңсыз жұмыс жасағандарға шара көріледі.

Жиналысты нәтиже үшін өткізу қажеттігін ескерткен Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов алдын алу және сақтық шараларын алдымен базар маңында ерекше назарға алуды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *