ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА

8 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ӘКІМ БАҚЫЛАУЫНДА


Бұл жөнінде Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов сала мамандарына әр кез ескерту жасап отыратынын апталық мәжілісінде жария етті. Бүгінгі күні Түркістан қаласын дамыту барысында төрт бағыт аясында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Соның ішінде әуелі құрылыс саласының қарқын алып отырғаны белгілі. Осы ретте бой көтеріп жатқан нысандардың сапасы, құрылысшылардың еңбек қауіпсіздігі, әсіресе қауіпті індеттің белең алуы тұсында осы саладағы әрбір азаматтың дертке шалдықпауы үшін жауапты тұлғалармен қатар жергілікті билік барынша сақтық шараларын қатаң бақылауда ұстап келеді. Болашақта халық игілігі үшін қызмет ететін бүгінгі құрылыс нысандарының ең алдымен сапалы жүргізілуі аса маңызды. Осы тұста қала аумағындағы жүздеген құрылыс нысандарындағы сапа мәселесі әкімдік жұмысының негізгі бөлігіне айналып отыр. Түркістан қаласында жүзге тарта нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бір мезетте қала әкімдігінің бұл нысандардағы сапаны бақылауда ұстауы қиын екені айтпаса да түсінікті. Бұл мәселені шаһар басшысы Рашид Абатұлы ретіне қарай күнделікті жұмыс жоспарымен қоса және одан тыс бақылау шаралары жүргізілетінін айтып, оны іске асыру жолында нақты қадамдар жасауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *