ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

88 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Түркістан қаласы әкімдігі құрылыс бөлімі басшысы болып Жандос Тасов тағайындалды.

Тасов Жандос Қалмырзаұлы – 1987 жылы 22 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. Халықаралық Білім Беру корпорациясының «Қазақ бас сәулет-құрылыс академия» Кампусында және Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жоғары білім алған. Мамандығы бойынша Сәулет, Мемлекеттік және жергілікті басқару, Экономика және бизнес бакалавры.

Бұған дейін:

—         «Градкомплекс» ЖШС-нің архитекторы;

—         Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің инспекторы;

—         Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маман міндетін атқарушы;

—         Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;

—         Түркістан қаласы әкімдігінің Сәулет және қала құрылысы бөлімінің қала құрылыстық жобалар және сәулеттік жоспарлау секторының меңгерушісі;

—         Түркістан қаласы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметтерін атқарған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *