
Түркістан қаласы әкімдігі мәдениет бөлімінің басшысы болып Ғани Аманқұлов тағайындалды.
Аманқұлов Ғани Ермаханбекұлы – 1987 жылы 21 мамырда қазіргі Түркістан облысы, Төлеби ауданы, Қасқасу ауылында дүниеге келген. Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік Университетінде жоғары білім алған. Мамандығы бойынша экономист.
Бұған дейін:
— ОҚО апаттар медицинасы орталығы, Бухгалтер-экономист;
— ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизордың арнайы тексеру қорытындысы келгенше міндетін атқарушы;
— ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизор (негізгі маманның бала күтімі демалысы уақытына);
— ОҚО ішкі саясат басқармасы, Жастармен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас маманы;
— ОҚО ішкі саясат басқармасы, Бас маман-бас ревизор;
— Шымкент қаласының әкімдігінің құрылыс бөлімі, Бас маман;
— ОҚО жастар саясаты мәселелері басқармасы, Статист маман;
— ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының орынбасары;
— ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының міндетін уақытша атқарушы;
— ОҚО жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-і басшының орынбасары.
— «Нұр-Төре» ЖШС, Экономист;
— Шымкент қаласы әкімдігінің «Шымкент қалалық мәдениет үйі» МКҚК, Кадр жөніндегі инспекторы;
— Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, Директор орынбасары;
— Шымкент қаласы мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының «Шымкент қалалық мәдениет үйі» концерттік ұйымы» МКҚК, Директор міндеттін уақытша атқарушы қызметтерін атқарған.