Түркістан қаласы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Түркістан қаласы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

63 просмотров

Түркістан қаласы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Бүгін Түркістан қаласы әкімдігіне бір топ қала тұрғындары келді. Олардың негізгі шағымы: Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау, мектеп формасы және тұрғын үйге кезегі бойынша пәтер алу.

Түркістан қаласы әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

Қала аумағында жалпы саны 1452 (1002 ипотекалық, 450-і көпбалалы отбасыларға) пәтердің құрылысы жүріп жатса, 540 коммуналдық тұрғын үй (кезекте тұрған) пайдалануға беруге мердігер компаниясы тарапынан өткізілген болатын. Дегенмен, мердігерлерден қабылдау барысында бірнеше ахаулары белгілі болып, оны реттеу қажеттілігі туындады. Сол үшін бүгінде қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кемшіліктер осы ай ішінде жөнделіп, қыркүйек айында пәтерлер табысталады деп күтілуде. Тұрғын үйге мұқтаж азаматтар тізімінде: көпбалалы отбасылар, әлсіз топтағы азаматтар, (I, II топтағы мүгедектер) жалғызбасты аналар, мүгедек азаматтарды асырап отырғандар, жетім балалар, үйі апатты деп табылған азаматтар, бюджеттік сала қызметкерлері бар. Барлығы заң аясында кезектері бойынша бөлініп беріледі.

Аналар көкейіндегі сауалдың бірі — атаулы әлеуметтік көмекке ие болу. Жалпы, бүгінгі таңда АӘК 1309 отбасына тағайындалған. Оның ішінде 854 отбасы шартты, 455-сі шартсыз. Бұған дейін шілде айына 223 отбасыға шартсыз төлем жүргізілген болатын. Қазірде тамыз айы ішінде, шілде айының төлемі жалпы 1086 отбасына аудару жұмыстары жүргізілуде. Бүгін, ертең толығымен аталған отбасыларға төлем жүргізіледі.

Ал, қазіргі уақытта кезек кезегімен әр ананы қала әкімі жеке қабылдап, мәселелері бойынша шешімдер қабылдануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *