ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ӨТІНІШТЕР ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ӨТІНІШТЕР ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

4 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫ: ӨТІНІШТЕР ӘКІМДІК НАЗАРЫНДА

Түркістан қаласы әкімі аппаратына 2020 жылдың 6 айында азаматтардан 1943 өтініш келіп түскен.
Өткен жылмен салыстырғанда (2019 жылы 3250 өтініш) 1307 өтінішке кеміп отыр. Оның басты себебі елдегі төтенше жағдайға байланысты қағаз түрінде қабылданатын өтініштерге шектеу қойылған болатын. Осыған орай әкімдікке түсетін өтініштер тікелей «диспетчерлік» байланыс нөмірлері арқылы қабылданып, шұғыл түрде жауаптар берілді.
Жалпы 2020 жылдың алты айында жеке тұлғалардан 1417 ал, заңды тұлғалардан 275 өтініш қабылданды.
Азаматтардан түскен өтініштерді мазмұндық бағытына қарай саралайтын болсақ, жер мәселесі бойынша 1135, коммуналдық шаруашылық саласына қатысты 154, білім беру мәселелері бойынша 14, баспана мәселесі бойынша -165 өтініш, өнеркәсіп пен кәсіпкерлік саласына 55 өтініш, әлеуметтік мұқтаждық пен жұмыссыздық бойынша 384 және өзгеде мәселелермен 36 өтініш түскен.
Тіркелген 1943 өтініштің барлығына түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жауап хаттары жолданды.
Сонымен қатар, қала әкімі мен орынбасарларының жеке қабылдауына кіру үшін өтініш білдірген 251 азаматпен жеке қабылдау ұйымдастырылды, мәселелері назарға алынып, бірқатары өз шешімін тапты.
Төтенше жағдай жарияланған уақытта қала әкімі тұрғындармен әлеуметтік желі арқылы (фейсбук, инстаграм) байланыс орнатып тікелей түрлі салалар мен тақырыптар бойынша сауалдарға жауап берді.
Бұған қоса, «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткізілген тікелей эфирлерде Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты дербес бөлім басшылары түрлі салалар бойынша тұрғындар сауалдарына жауап берді.
Жалпы айтқанда, ағымдағы жылдың қаңтар айынан бастап Түркістан қаласы әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан түсетін өтініштер «Халықтық кеңсе» арқылы қабылдануда.
Халықтық кеңседе Түркістан қаласы әкімдігіне қарасты жер қатынастары; тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы, бизнесті қолдау және туризм бөлімі (ауыл шауашылығымен бірге); адами капиталды дамыту бөлімі, Спортты дамыту бөлімі, Инфрақұрлым және коммуникацялар бөлімі, Сәулет және қала құрылысы; Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Жұмыспен қамту орталығының мамандары тікелей көрсетілетін мемлекеттік қызметтің түрлерін көрсетіп және арыз-шағымдар бойынша жұмыс жасайды. Жоғарыда аталған бөлімдермен 70 жуық мемлекеттік қызмет электронды түрде және «e-gov» порталы арқылы, баламалы түрде көрсетіледі.
Сондай-ақ, «халықтық кеңседе» ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап электрондық үкімет «е-gov» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер үшін арнайы «өзіне-өзі қызмет көрсету» секторлары жұмыс жасауда.
2020 жылдың қаңтар айынан 1-шілдеге дейін Халықтық кеңсеге 34545 азамат түрлі сұрақтарымен келіп және өз өтініш білдірген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *