Түркістан қаласының әкімі құрылысшылар күнімен құттықтады

Түркістан қаласының әкімі құрылысшылар күнімен құттықтады

31 просмотров

Түркістан қаласының әкімі құрылысшылар күнімен құттықтады

Құрметті құрылысшылар!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!

Құрылыс саласы қала дамуында айрықша орынға ие. Қандай шаһардың болмасын болмысын ерекшелеп, көзтартар кескінге ие болса, оның әрбірінде еңбекқорлығы басым құрылысшылардың қолтаңбасы бар.

Қазір де, осы жандардың адал еңбектері арқасында қаншама ғимараттар, көпқабатты үйлер бой көтеруде. Әсіресе, ерекше мәртебелі Түркістан қаласының шығыстық және заманауи үлгідегі келбетін танытуда құрылысшы еңбегі басым. Халықаралық деңгейге жетуді көздеген тарихи мекенде әсіресе, рухани-мәдени орталықта салынып жатқан құрылыстың маңызы зор.

Уақытқа қарамай, болашақта тұрғындардың қуанышына ие болар салада аянбай еңбек етіп жатқан жандарға алғысым зор! Көне шаһардың келбеті — Сіздердің арқаларыңызда көркейіп жатыр. Әлі-ақ, сіздердің жобаларыңызды болашақ ұрпақ, балаларымыз зор мақтанышпен айтары сөзсіз.

Ендеше, еңбектеріңізге жеміс, қызметте табыс, отбасыларыңызға бақыт тілеймін. Мерейлі мереке құтты болсын!

Құрметпен, Рашид АЮПОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *