Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов: «ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА»

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов: «ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА»

34 просмотров

Түркістан қаласының әкімі Р.Аюпов: «ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДЕҢГЕЙІН ТӨМЕНДЕТУ БАСТЫ НАЗАРДА»

Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюповтың төрағалығымен өткен апталық мәжіліс кадрлық резервтегі өзгерістермен басталды. Шаһар басшысы Түркістан қаласы әкімі аппаратының Ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің басшысы болып Мұстафин Абылайхан Сабырбекұлы тағайындалғанын айтып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралған апталық жиналыста қала тұрғындарын жұмыспен қамту, бюджеттің болжамды игерілуі туралы және онлайн қабылдаудағы тұрғындар өтініші жайында мәселер тыңдалды.
Жиналысқа қатысушылардың хабарлауынша қала төңірегінде тұрғындарды жұмыспен қамтуда қарама-қайшылықтар туындап жатқан жоқ. Соған қарамастан Р.Абатұлы бұл жұмысты 100% деңгейде орындау керектігін тапсырды. Экономика және қаржы бөлімінің басшысы Зауре Беймбетова бюджеттің игерілуі жайында есеп берді.
Сонымен қатар, тұрғындарды онлайн қабылдау бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Мадина Байғұт баяндама жасады. Оның айтуынша: «Жыл басынан бері қала әкімінің қабылдауында 439 азамат болып, жеке мәселелері бойынша жауабын алған. Ал, әкім орынбасарлары 94 азаматты түрлі мәселелерімен қабылдаған. Жалпы, қазірде 206 тұрғын қабылдау кезегінде тіркеліп тұр». Карантин режиміне байланысты апта сайынғы онлайн-қабылдау барысында тамыз айы ішінде қала әкімі 21 азаматты қабылдап, сауалдарына құлақ түрген. Тұрғындар тарапынан жерге қатысты құжаттар заңдылығы, баспана мәселесі, қаржылай көмек, ауыз-су жүйесінің жүргізілмеуі, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек мәселелері бойынша сұрақтар түскен. Түскен күннен-ақ, жауапты мамандарға жолданып, қазірде шешімі табылып отырғаны айтылды.

«Мәселен, ауыз су жүйесі жүргізілмеген Шипа су аумағындағы тұрғындар үшін «Түркістан-су» мекемесі тарапынан аптасына екі рет арнайы су таситын көліктер арқылы ауыз су жеткізілуде. Тағы бір азамат жұмыссыздық мәселесін шешу мақсатында «Қайтарымсыз грант» арқылы 555 600 теңге қаржылай грантқа қол жеткізді. Сондай-ақ, кей азаматтарға Атаулы әлеуметтік көмектің бас тартылуының себептері мамандар тарапынан түсіндірілген»,- деді Мадина Байғұт.

Жиын соңында қала әкімі жиналыстың күн тәртібінде қаралған басты мәселелерді оңтайлы шешуді тапсырды. Сонымен қатар, қала тұрғындарына атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде үгіт-насихат шараларын жүргізуге және бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттауды тапсырды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *