ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» АТТЫ КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» АТТЫ КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ

29 просмотров

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» АТТЫ КӨРМЕМЕН ТАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық қорық-музейінің ұйымдастыруымен Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақалалары аясында «Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл» толуына орай Түркістан облысы, №7 С.Ерубаев және №8 Н.Төреқұлов мектеп оқушыларына «ОТЫРАР ӨРКЕНИЕТ ОРДАСЫ» тақырыбында көрмесі таныстырылды.

Көрменің мақсаты: Қазақ хандығының құрылу тарихы және оны басқарған хандардың ерліктері мен өз елінің тарихын білуге, қазақ тарихындағы хандардың мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке, өз Отанын сүюге, бірлікке, ынтымаққа тәрбиелеу болып табылады.
Көрмеге Отырар өңірінен табылған сақ, ғұн дәуіріне жататын археологиялық жәдігерлер қойылып, музейдің археологиялық залындағы ежелгі тас ғасыры (палеолит) дәуірінен бастап, қазақ хандығы тұсындағы жәдігерлері мен этнографиялық бұйымдардан слайд көрсетіліп, Отырардың тарихи-мәдени ескерткіштерінің әуеден түсірілген суреттері көпшілік назарына ұсынылады. Сондай-ақ, музей қызметкерлері Қ.Шохаев, Н.Ермашова, А.Таубек, О.Құлымбетовтер аталған тақырыптарға сәйкес мектеп оқушыларына танымдық дәріс оқыды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *