ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНДА КОРОНОВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНОВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

2 362 просмотров

ТҮРКІСТАН КОРОНОВИРУС ТҮРКІСТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫНАН КОРОНОВИРУС АНЫҚТАЛДЫ

Соңғы мәліметтер бойынша Түркістан облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған азаматтар саны 53-ке жетті.
Вирус 1990 ж. Түркістан қаласының тұрғынынан табылды. Ол 11 сәуір күні Жетісай ауданынан келген.
Сондай-ақ 1992 жылғы Сайрам ауданы, Көлкент ауылдық округі, Қосбұлақ ауылының тұрғыны, 1981 ж. және 2007 жылғы Ордабасы ауданы, Бадам ауылдық округінің тұрғындарында COVID-19 инфекциясы анықталды. Аталған азаматтар коронавируспен ауырып жатқан науқаспен жақын байланыста болған.
Қазіргі таңда облыс бойынша Жетісай ауданында – 20 адам тіркелген (оның ішінде 1956 ж азамат 4 сәуір күні қайтыс болған). Сондай-ақ, Кентауда — 5, Ордабасы — 4, Сайрам — 3, Мақтарал — 4, Арыс — 14, Сарыағаш — 1, Бәйдібек -1, Түркістан қаласының — 1 тұрғыны індетке шалдыққан.
Барлық науқастардың жағдайы қанағаттанарлық, шағымы жоқ. Вирус жұқтырғандар қазіргі уақытта оқшауланып, тиісті ем қабылдауда.
Аталған азаматтармен байланыста болғандарды анықтап, оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.

aimak.com.kz

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *